Aul Resort

Іс-шаралар

Іс-шаралар

Aul Resort — тек демалыс орны ғана емес, сонымен қатар кез келген деңгейдегі мерекелік және іскерлік іс-шараларды өткізуге арналған тамаша мекен. Таудың баурайындағы үйлену тойлары, табиғат аясындағы тимбилдингтер, тоған жағасындағы отбасылық мерекелер немесе жайлы залдағы іскерлік кездесулер — мұнда әрбір іс-шара ерекше әсер сыйлайды. Әртүрлі форматтағы және сыйымдылықтағы 10 алаң, жеке мейрамхана және барлық ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіретін кәсіби команда қызмет көрсетеді

Үйлену тойлары мен қыз ұзату

Өміріңіздегі ең маңызды күндердің бірін жайлылық, әсемдік және табиғат үйлесіміне толы атмосферада өткізіңіз. Aul Resort — арманыңыздағы үйлену тойын немесе қыз ұзату рәсімін өткізуге арналған ерекше орын. Мұнда әрбір бөлшек мінсіз мереке ұйымдастыру үшін мұқият ойластырылған.

Үйлену тойлары мен қыз ұзату

Корпоративтік іс-шаралар

Компанияңыздың беделін арттырып, қызметкерлеріңіз үшін есте қаларлық іс-шара ұйымдастырыңыз. Іскерлік кездесулер, тимбилдингтер, семинарлар мен келіссөздер үшін біз жайлы жағдай, құпиялылық және кәсіби қызмет көрсетуді қамтамасыз етеміз.

Корпоративтер

Жеке мерекелер

Шағын отбасылық кештерден бастап ауқымды салтанатты жиындарға дейін — біз кез келген форматтағы мерекені өткізуге қолайлы алаң ұсынамыз. Aul Resort әрбір қонақ өзін ерекше сезінетін жылы әрі мерекелік атмосфера қалыптастырады.

Жеке мерекелер

Банкет брондау: +7 (777) 270 8990. Әр-күні 09:00 — 21:00.

Біздің алаңдар

Тойхана

Тойхана

250 қонақтарға дейін1 000 тг/адам бастап
Бейбарыс

Бейбарыс

200 қонаққа дейін1 000 тг/адам бастап
Шатыр

Шатыр

150-180 қонақ200 000 тг

Тоған

40 қонақ80 000 тг

Волейбол алаңы

50 қонақ100 000 тг
Aq Terek киіз үйі

Aq Terek киіз үйі

30 қонақ30 000 тг
Qonyrolen залы

Qonyrolen залы

50 қонақ1 000 тг/адам жалға алу 30000

Тапшан

15-20 қонақ25 000 тг

Жұмсақ бұрышты бар шатыр.

15-20 қонақ25 000 тг

VIP киіз үй

Сұраныс бойынша, 8–10 адам.депозит 100 000 тг

Тойхана мен Бейбарыс: 50 адамға дейін — 2 500 тг/адам, 50–100 адам — 1 000 тг/адам, 100 адамнан бастап — тегін

Галерея