
Аквапарк
Аквапарк
Көкжиектегі асқар таулар, таза ауа және уайымсыз өткен тұтас бір күн — мұның бәрі қаладан небәрі 40 минуттық жерде. Aul Resort аквапаркі көркем табиғат аясындағы 2 гектар аумақта орналасқан және отбасыңызбен тамаша демалыс өткізу үшін қажеттінің бәрін ұсынады.
Әртүрлі жас санаттарына арналған төрт сырғанақ бар: отбасылық жайлы сырғанақтардан бастап, ерекше әсер сыйлайтын жылдам бұрылыстары бар экстремалды сырғанақтарға дейін. Тереңдігі 2 метрге дейін жететін толқынды бассейн теңіз жағалауындағы толқын әсерін береді. Сонымен қатар тереңдігі 1,4 метр болатын үлкен бассейн және балаларға арналған жылы әрі қауіпсіз жеке бассейн қарастырылған.
Судағы демалыстан кейін қонақтар көлеңкелі шатыр астындағы шезлонгтарда тынығып, салқын сусындар мен жеңіл тағамдар ұсынатын лаунж-барда уақыт өткізе алады. Сондай-ақ тауға керемет көрініс ашылатын 26 орындық ашық терраса және 165 қонаққа арналған кең 18+ терраса жұмыс істейді.
Аквапарк сипаттамалары
Су аймақтарының сипаттамалары
- Негізгі бассейн — Тереңдігі 1,4 м
- Толқынды бассейн — Тереңдігі 2 м дейін
- Балалар бассейні — Тереңдігі 0,5 м, қолайлы температура
- Сырғанақтар — 4, әр-түрлі жас пен белсенділік деңгейіне арналған
Аквапарк инфрақұрылымы
- Аумақтың жалпы ауданы — 2 гектар
- 4 су сырғанақтары
- Жабық демалыс аймақтары
- Шезлонгтар мен көлеңкелі шатырлар аймақтары
Аумақтағы кафелер мен барлар
- Лаунж-бар (жабық бөлмеде) - 24 орындық
- Ашық терраса 26 орындық
- Терраса 18+ 165 орын
- Салқын сусындар, тіске басарлар және жеңіл тағамдар бар мәзір
3 жасқа дейінгі балалар ересек билет сатып алынған жағдайда тегін кіреді.
Әр – күні 10:00-ден 21:00-ге дейін
3D тур
360° панорама — турды ашу үшін басыңыз










